Роналду биылғы «Алтын доп» марапаты туралы пікір білдірді

Роналду биылғы «Алтын доп» марапаты туралы пікір білдірді

Португалия құрамасы мен «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду маусымның үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Биылғы «Алтын доп» па? Бұл – меніңше, жасанды марапат», – деп келтіреді 40 жастағы шабуылшының сөзін Al Nassr Zone.

Роналду бұған дейін «Алтын допты» бес рет иеленген. Бұл көрсеткіш бойынша одан асып түскен жалғыз футболшы – Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси (8 мәрте жеңімпаз атанған).

Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында 2023 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы футболшыны 12 миллион еуроға бағалап отыр.

«Борнмут» пен Украина құрамасының қорғаушысы ПСЖ сапына ауысады

«Барселона» шабуылшысы жарақат алып қалды

«Барселона» «Камп Ноуға» оралуға жақын

«Реал» жас шабуылшыны клубта алып қалатын болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или