Қазақстандық теннисші Германиядағы челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Германиядағы челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Бонн (Германия) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 802-орында тұрған болгариялық Янаки Милевке дес бермеді.

Бірінші партия 6:0 есебімен аяқталды. Екінші сетте есеп 3:0 болған мезетте болгариялық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.

Небәрі 47 минутқа созылған бәсекеде Скатов 4 эйспен бірге 4 брей-пойнтты пайдаланып үлгерді.

Тимофей Скатов финалға шығу үшін әлемнің 107-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы, бельгиялық Рафаэль Коллиньонмен таласады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 295-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлийска Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің ширек финалында сүрінді. Ол рейтингіде 787-сатыдағы ресейлік Дарья Астаховадан жеңіліп қалды – 4:6, 0:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гарростың іріктеу турнирінде екі теннисшінің финалға жолдама алғанын жазған едік. 

Президент кубогында Аружан Сағындықова жартылай финалға шықты.

Қазақстандық жас теннисшілер Ролан Гаррос іріктеу турнирінің финалына шықты

Қазақстандық спортшы үстел теннисінен АҚШ-тағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық теннисші алтыншы матч қатарынан жеңілді

Елена Рыбакина Монреальдағы турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или