ҚХЛ клубы Егор Рыковпен келісімшарт жасасты

ҚХЛ клубы Егор Рыковпен келісімшарт жасасты

«Лада» қорғаушы Егор Рыковпен бір жылдық келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы хоккейші өткен маусымда «Витязь» сапында ойнап, 50 матчта 7 (1+6) ұпай жинаған.

Рыков 2016/17 жылғы маусымда СКА құрамында Ресей чемпионы және Гагарин кубогының иегері атанды. Ол сондай-ақ «Сочи», ЦСКА, «Северсталь», «Адмирал» және «Авангард» клубтарында өнер көрсетті. ҚХЛ-де 350 матч өткізіп, 65 (9+59) ұпай жинаған және тиімділік көрсеткіші «+4»-ті құрады.

«Лада» 2024/2025 жылғы маусымда Шығыс конференциясында 68 матчта 54 ұпай жинап, 10-орын алды. Қазақстандық «Барыс» 35 ұпаймен 12-орында аяқтады.

«Барыс» бұрынғы хоккейшілерімен келіссөз жүргізіп жатыр

Хоккейден ел біріншілігіне 10 команда қатысады

«Барыстың» бас бапкері қанша жалақы алады?

«Барыстың» жаңа бас бапкері ҚХЛ-дың ең тәжірибелі үш маманының қатарына кірді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или