Муртазали Магомедов UFC-мен келісімшарт жасасу мүмкіндігін алды

Муртазали Магомедов UFC-мен келісімшарт жасасу мүмкіндігін алды

Жеңіліп көрмеген қырғыз файтері Муртазали Магомедов (9-0) UFC ұйымымен келісімшартқа қол қою мүмкіндігін алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі OCTAGON лигасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион кәсіби мансабындағы соңғы бес жекпе-жегін OCTAGON лигасында өткізді. 2024 жылдың маусымында ол өзбек файтері Сардор Худойбердиевпен (9-3) болған жекпе-жекте екінші раундта тұншықтыру әдісімен сенімді жеңіске жетіп, чемпиондық белбеуді иеленді. Кейін ол титулды бразилиялық Клаудечи Бритоға (14-5) қарсы сәтті қорғады. «Қырғыз феномені» мансабындағы барлық жекпе-жектерін уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жеткен.

Сондай-ақ ашық аспан астындағы ASP Club аренасында өтетін кештің басты кардында медиа кеңістікте танымал тәжікстандық Камиль Карате өнер көрсетеді. Оған қарсы жекпе-жекке Иранның жеңіліп көрмеген файтері Рахмани (3-0) шығады.

Турнирдің басты айқасында танымал актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (10-3) өз жанкүйерлерін кезекті рет қуантпақ. Оның қарсыласы – тәжірибелі ирандық спортшы Фархад Гадери (18-14).

OCTAGON 77 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Турнирдің бас серіктесі UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 77 турнирінің ресми серіктесі Chevrolet компаниясы

Дастин Порье UFC-де талдаушы қызметін атқарады

Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасындағы текетірес жалғасады

Үздік UFC файтері Илья Топуриямен жекпе-жекке қатысты сұраққа жауап берді

Хамзат Чимаев мансабын аяқтау туралы қауесеттерге жауап берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или