Қазақстандық бес боксшы Азия чемпионатында қола медаль еншіледі

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
8 тамызда 19 жасқа дейінгі санатта әйелдер арасындағы жекпе-жектер аяқталды.
Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша Аяжан Ермек (57 келіге дейін), Құралай Егінбайқызы (80 келіге дейін) финалға жолдама алды.
Ал Айым Танкибаева (51 келіге дейін), Жанель Имантаева (54 келіге дейін), Алина Кудайгенова (60 келіге дейін), Ақбота Есімбекова (65 келіге дейін), Сабина Жақсылық (80 келіден жоғары) Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Кешкі сессяда алты боксшымыз шаршы алаңға шығатын болады. Ұлдар арасында өтетін бәсекелерде ақтық сын жолдамалары сарапқа салынады.
Қазақстандық боксшы жартылай финалда есе жіберді