Қазақстандық спорты XII Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін Қытайдың Чэнду қаласында XII Дүниежүзілік ойындары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айтулы додада каратэден бірінші жарыс күні қоржынымызға алғашқы медаль түсті. Ең жеңіл 50 келі салмақта әлем чемпионы саналатын Мөлдір Жаңбырбай 4 жылда бір мәрте өтетін әлемдік бәскенің финалына дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Отандасымыз финалда Иран спортшысы Сара Бахманиермен жолықты. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталғанымен, төрешілер нәтижелі әрекеті үшін, жеңісті қарсыласқа берді.
Бұл Дүниежүзілік ойындары бойынша Қазақстан тарихындағы небәрі үшінші медаль. Бұған дейін 2009 жылы Халид Халидов және 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында Софья Берульцева топ жарған еді.
XII Дүниежүзілік ойындары: Спорттық акробатикадан екі отандасымыз өнер көрсетті
Қазақстан мен IWGA ынтымақтастық меморандумға қол қойды
Қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік ойындарға қатысады