Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер іріктеу турнирінің ақтық сынында өнер көрсетеді

Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер іріктеу турнирінің ақтық сынында өнер көрсетеді

Алматыда теннистен Roland Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia іріктеу турнирінің финалистері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы жартылай финалда Еркежан Жанатаева Түрікменстан спортшысы Илима Гусейновамен кездесті. Бірінші сет 6:1 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды. Екінші сетте Гусейнова брейк жасап, 3:0 есебімен алға шықты. Алайда Жанатаева тез арада брейкті қайтарып, есепті теңестіріп, 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші жартылай финалда кортқа қос қазақстандық - Алиса Королёва мен Адия Омарбек шықты. Алғашқы сет тай-брейкпен Королёва еншісіне жазылды - 7:6 (7:3). Дегенмен Адия табандылық танытып, келесі екі сетте 6:3, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, турнирдің финалында Еркежан Жанатаева мен Адия Омарбек кездеседі. Ал шешуші матчтың нәтижесіне қарамастан, қос теннисші де Жапонияда өтетін Roland Garros Junior Series by Renault іріктеуінің соңғы кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Қазақстандық спортшы үстел теннисінен АҚШ-тағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық теннисші алтыншы матч қатарынан жеңілді

Елена Рыбакина Монреальдағы турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или