Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді

9 тамызда Ақтөбеде Wrestling Stars League 4 атты ірі халықаралық күрес турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Оған Қазақстан құрамасынан бірнеше балуан қатысады. 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан белдеседі.
Оның қарсыластары – ресейлік Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.
79 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ергешке ресейлік Магомед Магомаев қарсылас болады.
65 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай қырғызстандық Нурсадык Нурдиновпен белдеседі.
Сондай-ақ, кардта өзге де жекпе-жектер бар.
Қазақстандық балуан әлем чемпионатында жүлдегер атанды
Польшадағы турнирде қазақстандық балуандар тағы екі медаль жеңіп алды
Әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Мадхия Усманова алтын медаль иеленді
Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері Польшадағы турнирде алғашқы медальдарға қол жеткізді