Абиба Әбужақынова өзінің жеке дзюдо клубын ашпақ

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, дзюдодан еліміздің әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова өзінің жеке дзюдо үйірмесін ашпақ, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
«Дзюдо үйірмесін ашамын. Бұл тек жаттығу залы емес, болашақ чемпиондардың ұясы. Бұл — тәртіп пен ерік-жігер және де табысқа бастар жол болады», - деді Абиба Әбужақынова өзінің Instagram парақшасында.
Спортшы қазіргі таңдағы еліміздің ең талантты дзюдошыларының бірі. Ол 2 дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері. Соңғы рет Будапеште өткен Әлем чемпиоанатында күміс медальға ие болған. Бұған қоса 2024 жылы Париж Олимпиадасында үшінші орын үшін тартыста қарсыласына есе жіберіп, 5-орынға тұрақтаған.
Қазақстандық дзюдошы АҚШ-та өткен турнирдің бірінде ауыр жарақат алып қалды
Елдос Сметов Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадаға қатысады
Грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық балуандар тағы екі жүлде алды