Юрий Паутов «Барыс» қатарына қосылды

Юрий Паутов «Барыс» қатарына қосылды

Ресейлік қорғаушы Юрий Паутов «Барысқа» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Паутов 30 жаста (18.03.1995). Бойы 192 см, салмағы 95 кг.

Қорғаушы ярославльдік «Локомотив» командасының ойыншысы. Құрлықтық хоккей лигасында ол «Сочи», «Витязь», «СКА», «Адмирал» және «Кунлун» командаларында өнер көрсетті.

Ол Ресейдің жастар және олимпиадалық құрамаларында ойнаған.

2024/2025 маусымында «Барыстың» қазіргі бас бапкері Михаил Кравец баптаған «Кунлун Ред Стар» (қазіргі «Шанхай Драгонс») сапында 53 матчта Паутов 11 (1+10) ұпай жинады.

Барлығы ҚХЛ-да 312 кездесуде 45 (9+36) ұпай жинаған.


Хоккейден ел біріншілігіне 10 команда қатысады

«Барыстың» бас бапкері қанша жалақы алады?

«Барыстың» жаңа бас бапкері ҚХЛ-дың ең тәжірибелі үш маманының қатарына кірді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или