Путинцева АҚШ-тағы жарыстан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 46-орын) Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Путинцева бірінші айналымда мексикалық Рената Заразуамен (68-орын) кездесіп, үш сетте жеңілді - 6:3, 4:6, 2:6. Осылайша Юлия бұл турнирдегі жолын аяқтады. Айта кетейік, бұл оның қатарынан алтыншы жеңілісі болды: қазақстандық жекелей сында соңғы жеңісіне маусым айының ортасында қол жеткізді.
Биыл Цинциннатидегі WTA турнирінің жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар алады, сонымен қатар 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Елена Рыбакина: Бәрі екінші сеттен басталды
Елена Рыбакина Монреальдағы турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты