Қазақстандық теннисші АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев америкалық Альфредо Переспен жұптасып, АҚШ-тың Чикаго қаласында өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда Жукаев пен Перес австралиялық Блейк Бэйлдон мен колумбиялық Кристиан Родригеспен кездесіп, 6:7, 7:5, 8:10 есебімен қарсыластарына жол берді.
Матч 1 сағат 56 минутқа созылды. Осылайша, Бэйлдон мен Родригес ширек финалға жолдама алды, ал Жукаев пен Перес турнирдегі өнерін аяқтады.
Еске салайық, бұған дейін Бейбіт жекелей сында да жарысты 1/8 финалда аяқтаған еді. Онда ол америкалық Тревор Свайдеге 3:6, 0:6 есебімен есе жіберген болатын.
Президент кубогы: Аружан Сағындықова мен Іңкәр Дүйсебай ширек финалға жолдама алды
Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті
Елена Рыбакина Монреальдағы турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды
Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты