«Алтын доп-2025»: 30 үміткер анықталды

«Алтын доп-2025»: 30 үміткер анықталды

France Football журналы 2025 жылғы «Алтын допқа» үміткер 30 футболшының есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бас жүлде 2024/2025 маусымының үздік ойыншысына табысталады.

«Алтын доп» сыйлығын тапсыру рәсімі биыл 22 қыркүйеrnе Франция астанасы — Парижде өтеді.

Өткен маусымда бұл марапат «Манчестер Сити» және Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родриге бұйырған еді.

2024/2025 жылғы «Алтын допқа» 30 үміткердің тізімі:

  • Усман Дембеле («ПСЖ», Франция);

  • Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ», Италия);

  • Джуд Беллингем («Реал», Англия);

  • Дезире Дуэ («ПСЖ», Франция);

  • Дензел Дюмфрис («Интер», Нидерланды);

  • Серу Гирасси («Боруссия» Дортмунд, Гвинея);

  • Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия);

  • Виктор Дьёкереш («Арсенал», Швеция);

  • Ашраф Хакими («ПСЖ», Марокко);

  • Гарри Кейн («Бавария», Англия);

  • Хвича Кварацхелия («ПСЖ», Грузия);

  • Роберт Левандовски («Барселона», Польша);

  • Алексис Мак Аллистер («Ливерпуль», Аргентина);

  • Лаутаро Мартинес («Интер», Аргентина);

  • Скотт Мактоминей («Наполи», Шотландия);

  • Килиан Мбаппе («Реал», Франция);

  • Нуну Мендеш («ПСЖ», Португалия);

  • Жоау Невеш («ПСЖ», Португалия);

  • Педри («Барселона», Испания);

  • Коул Палмер («Челси», Англия);

  • Майкл Олисе («Бавария», Франция);

  • Рафинья («Барселона», Бразилия);

  • Деклан Райс («Арсенал», Англия);

  • Фабиан Руис («ПСЖ», Испания);

  • Вирджил ван Дейк («Ливерпуль», Нидерланды);

  • Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия);

  • Мохамед Салах («Ливерпуль», Египет);

  • Флориан Вирц («Ливерпуль», Германия);

  • Витинья («ПСЖ», Португалия);

  • Ламин Ямаль («Барселона», Испания).

«Барселона» тер Штегенді капитандықтан уақытша шеттетті

«Барселона» «Камп Ноуға» оралуға жақын

2025 жылғы «Алтын доп» иегері клуб ауыстырмауы мүмкін

Зорлық-зомбылық бойынша айыпталған футболшы испаниялық клубқа ауыспақ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или