Аружан Сағындықова мен Іңкәр Дүйсебай Президент кубогының ширек финалына шықты

Аружан Сағындықова мен Іңкәр Дүйсебай Президент кубогының ширек финалына шықты

Астанада Президент кубогы үшін өтіп жатқан ITF W15 турнирінде қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Іңкәр Дүйсебай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Аружан Сағындықова алғашқы кездесуінде отандасы Альбина Кәкенованы 6:0, 6:3 есебімен жеңген. Ал бүгін Аружан екінші айналымда ресейлік Дарья Зелинскаяның мысын басты – 6:1, 7:5. 

Енді ол жартылай финалға шығу үшін белоруссиялық Владислава Зверевамен шеберлік байқасады.

18 жастағы Іңкәр Дүйсенбай бірінші айналымда қазақстандық Полина Слепцовадан айласын асырған – 0:6, 6:0, 6:3.

Екінші кездесуінде ресейлік Устиния Лекомцевадан басым түсті – 6:3, 6:4. 

Ол ширек финалда тағы бір ресейлік Екатерина Хайрутдиновадан өтуге тырысады.

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Елена Рыбакина Монреальдағы турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или