Чимаев биыл тағы бір жекпе-жек өткізгісі келеді

Чимаев биыл тағы бір жекпе-жек өткізгісі келеді

Хамзат Чимаев тамыз айында өтетін жекпе-жектен кейін жыл соңына дейін тағы бір кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Орта салмақтағы чемпиондыққа үміткер 16 тамыз күні Чикагода Дю Плессимен жекпе-жекке шығады. Егер бұл айқаста жарақат алмай шықса, қазан айында Абу-Дабиде өтетін UFC 321 турниріне қатысуды көздеп отыр.

«Егер жарақат болмаса, Абу-Дабиде төбелесемін деп үміттенемін. Бұл титул қорғау жекпе-жегі болар, болмаса жай ғана бір қарсыласпен айқас болар», – деді ол ашық жаттығу барысында.

Чимаев сирек жекпе-жекке шығуының басты себебі виза мәселесі екенін де атап өтті. Сонымен қатар, ол UFC тарихында үш салмақта чемпион атанғысы келетінін тағы бір мәрте растады.


Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасындағы текетірес жалғасады

Үздік UFC файтері Илья Топуриямен жекпе-жекке қатысты сұраққа жауап берді

Хамзат Чимаев мансабын аяқтау туралы қауесеттерге жауап берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или