Чемпиондар лигасы: Овертаймда кері шегінуге тыйым салынады

Чемпиондар лигасы: Овертаймда кері шегінуге тыйым салынады

Хоккейден Чемпиондар лигасы Халықаралық хоккей федерациясымен (IIHF) тығыз жұмыс істей отырып, 3-еуге 3 форматындағы овертаймға жаңа ереже енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кері шегінуге тыйым салу» деп аталатын бұл ереже бойынша, шабуыл шебінде шайба бақылауында тұрған командаға бейтарап аймаққа қайта шегінуге болмайды. Мұндай жағдай орын алса, ойын бірден тоқтатылып, келесі шайба тастау қарсылас команданың қорғаныс аумағында өтеді.

Айта кетейік, 2024/25 жылғы маусымда турнир жеңімпазы — финалда шведтік «Ферьестадты» 2:1 есебімен жеңген швейцариялық «Цюрих» клубы болды.

Хоккейден Чемпиондар лигасы 2013 жылы құрылған. Лиганың құрылтайшылары – алты елдің 26 үздік клубы.

Хоккейден ел біріншілігіне 10 команда қатысады

Степан Санников «Арланға» оралуы мүмкін

«Барыстың» жаңа бапкерінің жалақысы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или