«Қайраттың» қорғаушысы Сорокин қарсыластары жайлы пікір білдірді

«Қайрат» командасының қорғаушысы Егор Сорокин алматылық клубтың Чемпиондар лигасындағы қарсыластарына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
29 жастағы футболшы Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында бұған дейін ойнаған командаларды бір-бірімен салыстырудың дұрыс еместігін айтты. Оның айтуынша, әр қарсыластың өз артықшылығы мен әлсіз тұсы бар.
«Бұл командалардың бәрі — өз елінің чемпиондары. Чемпиондар лигасында оңай қарсылас жоқ. Әр ұжымның мықты және әлсіз жақтары болады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстыру дұрыс емес», — деді Сорокин.
Еске салайық, «Қайрат» бұған дейін словениялық «Олимпияны» (1:1, 2:0) және финдік КуПС-ты (0:2, 3:0) жарыстан шығарды. Үшінші кезеңнің алғашқы матчында алматылықтар «Слованды» 1:0 есебімен жеңді. Қарымта кездесу 12 тамыз күні Братиславада өтеді.
Владимир Вайсс «Қайраттағы» естеліктері, Сәтпаев, Боранбаев жайлы айтты