Елена Рыбакина: Бәрі екінші сеттен басталды

Елена Рыбакина: Бәрі екінші сеттен басталды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Монреальдегі WTA-1000 турнирінің жартылай финалында Виктория Мбокодан жеңілгеннен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап. Кездесуде ол 18 жастағы канадалыққа жол беріп, финалға шыға алмады.

— Оның соққыларының қуатты екенін білетінмін. Әдетте қарсыласым менің ойыныма бейімделуге біраз уақыт жұмсайды. Бірінші сетте ол сәл сылбыр бастады, бірақ соңына қарай қарқын қоса бастады. Ал екінші сетте өзім нашар бастап кеттім — бәрі сол сәттен өзгеріп сала берді, — деді Елена баспасөз мәслихатында.

Бұл матч турнирдегі ең шиеленісті кездесулердің бірі болды. Елена алғашқы сетте басымдық танытқанымен, кейінгі ойында тізгінді Мбокоға беріп қойып, жеңісті уыстан шығарып алды. Канадалық теннисші шешуші сәттерде мықты ойын өрнегін көрсетіп, финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Монреаль турнирі 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтеді. Жүлде қоры 5 миллион АҚШ долларынан асады.

Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирде сәтсіз өнер көрсетті

Елена Рыбакина Монреальдағы турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или