Арман Царукян: Топурия мені сезіп тұр, сол үшін қашып жүр

Жеңіл салмақта UFC рейтингін бастап тұрған Арман Царукян чемпион Илияс Топуриямен жекпе-жек өткізу талабынан бас тартпай отыр, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның сөзінше, Топурия жеңілістен қорқып, шайқастан жалтарып жүр.
— Белбеуді жай ғана тапсырып, маған біреумен титул үшін жекпе-жекке шығуға мүмкіндік берсін. Ол менің қауіпті қарсылас екенімді біледі және белбеуден айырылатынын сезіп отыр. Сондықтан Пэдди Пимблетт немесе Джастин Гейджи секілді жеңіл қарсыластарды іздеп жүр. Тек ақша табып, белбеуді сақтап қалғысы келеді. Бірақ менімен бұл әдіс өтпейді, — деді Арман.
Бұған дейін UFC-дің бұрынғы файтері әрі комментаторы Чел Соннен Царукян мен Топурия арасындағы титулдық жекпе-жек 2026 жылдың қаңтарында өтуі мүмкін екенін айтқан болатын. Арман бұл мәлімдемеге де пікір білдірді:
— Мен де солай болғанын қалаймын. Белбеу үшін жекпе-жекке шығуды көптен күтіп жүрмін. Мүмкін, Соннен менен көбірек білетін шығар. Әзірге UFC тарапынан нақты ұсыныс түскен жоқ, сол себепті тек жаттығып, Топурияны айқасқа шақырып жүрмін, — деді ол.
Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасындағы текетірес жалғасады
Үздік UFC файтері Илья Топуриямен жекпе-жекке қатысты сұраққа жауап берді
Хамзат Чимаев мансабын аяқтау туралы қауесеттерге жауап берді