Владимир Волков «Барыспен» келісімшартқа отырды

Қазақстандық шабуылшы Владимир Волков «Барыс» командасымен екі аптаға сынақ мерзімге келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz
Хоккейші Астанаға 6 тамызда келіп, медициналық тексеруден өтіп, 7 тамызда командамен бірге мұз айдынына шығады.
Айта кетейік, Владимир Волков 17 маусымда «Сарыарқаның» ойыншысы атанды. Өткен маусымда 28 жастағы қазақстандық хоккейші «Арлан» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Оның Pro Hokey Ligasy тұрақты чемпионатының 40 матчында 32 (6+26) ұпай, сондай-ақ плей-офф кезеңіндегі 12 ойында 16 (6+10) ұпай бар.
Степан Санников «Арланға» оралуы мүмкін
«Барыстың» жаңа бапкерінің жалақысы белгілі болды
«Барыстың» бәсекелесі өз көшбасшыларының жартысынан айырылды
Қазақстандық тағы бір хоккейші АҚШ клубына ауысты