10–18 тамыз аралығында Қытайдың Харбин қаласында Азияның жасөспірімдерге арналған мәнерлеп сырғанау лагері (Asian Figure Skating Youth Camp) өтеді. Іс-шараны Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК), Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) және “Азия балалары” халықаралық комитеті (CAIC) бірлесіп ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Лагерь OCA/OS континенттік бағдарламасы аясында өткізіледі. Оның басты мақсаты – Азия құрлығында мәнерлеп сырғанау спортын дамыту және қолдау.
Жиынға Азия елдерінен 2009–2013 жылдар аралығында туған жас спортшылар қатысады. Қазақстан атынан Екатерина Доставалова мен Семен Резник өнер көрсетеді.