Жоғалып кеткен қазақстандық боксшының інісі өлі күйінде табылды

Грузияда белгілі кәсіби боксшы Серік Мусадиловтың інісі, қазақстандық азамат Шыңғыс Мусадиловтың мәйіті табылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жас жігіт 4 тамызға қараған түні Тбилисидегі түнгі клубтардың бірінің маңында соңғы рет көрінгеннен кейін байланысқа шықпай, үйіне де, жұмысына да бармаған.
Туыстары дабыл қағып, құқық қорғау органдарына жүгінген. Бірнеше күнге созылған іздеу жұмыстары өкінішке қарай қайғылы аяқталды – 27 жастағы Чингиз өлі күйінде табылды. Қайтыс болу себептері мен мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. Бұл ақпаратты Қазақстанның Грузиядағы елшілігі растады.
Серік Мусадилов – Қазақстандағы болашағынан үміт күттіретін кәсіпқой ауыр салмақ дәрежесіндегі боксшы. «Панда» лақап атымен танымал спортшы 10-нан астам жекпе-жек өткізіп, олардың көпшілігінде қарсыласын нокаутпен жеңген.
Бивол Канелоның қарсыласына кеңес берді