Чемпиондар лигасы: «Қайрат» 3-кезеңдегі алғашқы матчта жеңіске жетті

Бүгін Чемпиондар лигасы үшінші кезеңінің алғашқы матчтары өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Айтулы еурокубок додасында ел намысын қорғап жатырған «Қайрат» алғашқы ойында мінез көрсетіп, маңызды жеңісті жұлып кетті
Алматылықтар Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчында словакиялық «Слованнан» 1:0 есебімен басым түсті. Жеңіс голын ұлттық құраманың шабуылшысы, жас талант Дастан Сәтпаев 90-минутта пенальтиден соқты.
Матч барысында қонақтар сапында Ибрахим (65 минутта) қызыл қағаз алып алаңнан қуылды. Сонымен қатар матч соңында «Слованның» бас бапкері Владимир Вайсс та қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Еске сала кетейік, қарымта матч 12 тамыз күні Братиславада өтеді.
Владимир Вайсс «Қайраттағы» естеліктері, Сәтпаев, Боранбаев жайлы айтты
«Қайрат» — «Слован»: Жасанды интеллект жеңімпазды анықтады
«Қайрат» бас бапкері: Жігіттер ертең өздерін көрсетуге асық