Қазақстандық футзалшы семейлік клубқа қосылды

Қазақстандық футзалшы семейлік клубқа қосылды

Шымкент футзал мектебінің 28 жастағы түлегі Нұрсұлтан Пиялы ресми түрде «Семей» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеді:

«Нұрсұлтан Пиялы — кәсіби мансабын талдықорғандық «Жетісу» клубында бастаған тәжірибелі ойыншы. Дәл осы клубта ол дарынды ойыншы ретінде танылып, 30-дан астам ойында 16 голдың авторы атанды. Оның мансабында алматылық «Қайрат» пен оралдық «Бәйтерек» клубтарындағы тәжірибесі бар. 2024 жылы ол «Ордабасы» құрамына қосылып, 39 ойында 13 гол соғып, команда көшбасшыларының біріне айналды», - делінген хабарламада.

Өткен маусымда ол бірнеше жыл үзілістен кейін ұлттық құрамаға қайта шақырылып, Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы голын салды.

«Қайрат» футзал клубына жаңа бас бапкер келеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или