Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Германияның Бонн қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінде сәтті өнер көрсетуде, деп жазады Prosports.kz.

Германияда өтіп жатқан додада қазақстандық спортшы қатарынан екі қарсыласын екі сетте жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды.

Турнирдің екінші кезеңінде ол румыниялық Филип Кристиан Жиянумен кездесті. Бұл теннисшілер арасындағы алғашқы кездесу болды.

Скатов матчты 7:6 (7:0), 6:1 есебімен сенімді түрде өз пайдасына аяқтай алды.

Айта кетейік, ол бірінші айналымда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попконы екі сетте (6:2, 7:5) жеңіп, келесі кезеңге өткен болатын.

Қазақстандық теннисші Болгариядағы турнирде топ жарды

Цинциннати турнирінде Рыбакина мен Путинцева өзара кездесуі мүмкін

Александр Шевченко Цинциннати мастерс турнирінің іріктеу сайысының финалына шықты


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или