«Тұран» клубы маусым ортасында бас бапкерімен қоштасты

«Тұран» клубы маусым ортасында бас бапкерімен қоштасты

Түркістандық «Тұран» клубы соңғы кездері тіркелген сүреңсіз нәтижелерге байланысты маусым ортасында бас бапкер Әбдіхалық Бөрібаев пен көмекшісі Артур Авакянцты қызметінен босатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әбдіхалық Бөрібаев бас бапкер қызметіне 25 маусымда тағайындалған еді. Содан бері команда алты ойын өткізіп, барлығында жеңіліп қалды. Қазір түркістандық клуб турнир кестесінде 11 ұпаймен 13-орында келеді.

Енді олар 9 маусымда сырт алаңда «Атырау» командасымен кездеседі. 

Әбдіхалық Бөрібаев 1969 жылы дүниеге келген. Ол бұдан бұрын да командада бас бапкер қызметін атқарды. Түркістандық клубты екінші лигадан Премьер-лигаға дейін алып шықты. Төрт жылдай бұрын денсаулық жағдайына байланысты командадан кеткен еді.

Айта кетсек, биыл «Тұранда» қаржы мәселесіне байланысты бас бапкер Виталий Жуковский мен шетелдік футболшылар өзге клубтарға ауысты.

Родри «Манчестер Ситиде» қалатын болды

Лука Модричті миландық жанкүйерлер жылы қарсы алды

Бруно Фернандеш Роналдудың командаласы болуы мүмкін



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или