Азия чемпионаты: тоғыз қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды

Азия чемпионаты: тоғыз қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды

Бүгін Тайланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 жасқа дейінгілер арасындағы жартылай финалдық кездесулер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Күндізгі сессияда Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын бес бокшымыз рингке шығып, бесеуі де финалға жолдама алған болатын.

Атап айтқанда, 60 келіде Нұрислам Қалдыбаев бутандық, 65 келіде Илья Калинин филиппиндік, 70 келіде Нұрбек Мұрсал малайзиялық, 80 келіде Санжарәлі Бегалиев үндістандық, 90 келіде Темірлан Мұқатаев кореялық қарсыласын ұтты.

Кешкі сессияда қыздарымыз да қарсыластарын тізе бүктірді.

48 келіде Гүлназ Бөрібаева моңғолиялық, 70 келіде Бақыт Сейдіш пен 75 келідегі Шұғыла Нәлібай үндістандық, ал, аса ауыр салмақтағы Әсел Тоқтасын өзбекстандық боксшыны жеңді.

Осылайша, бүгін шаршы алаңға шыққан тоғыз боксшы да жеңіске жетіп, ақтық сынға жолдама алды.

Бивол Канелоның қарсыласына кеңес берді

Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды

бес қазақстандық спортшы финалға жолдама алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или