Елордада өтетін Kazakhstan Open турниріне 750-ден астам таеквондошы қатысады деп күтілуде

14–16 тамыз аралығында Астанада таеквондодан (WT) халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open 2025 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Федерация баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта 750-ден астам спортшы жарысқа қатысатынын растаған.
Турнирге Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ және бейтарап мәртебеде өнер көрсететін елдерден келген спортшылар қатысады.
Жүлделер жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында сарапқа салынады.
Турнир жаңартылған халықаралық ережелерге сай KPNP K-2 жүйесі бойынша өтеді. Қазақстанда алғаш рет спортшылардың соққыларын дәл тіркеуге мүмкіндік беретін KPNP компаниясының жаңа электронды қолғаптары қолданылады.
Kazakhstan Open турнирі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина АҚШ-та өтетін турнирге қатысады
Әлімжан Аяпов Үндістандағы әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Жүзуден әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылардың кезекті нәтижелері