Украиналық футболшы Владимир Белоцерковец 25 жасында дүниеден өтті

Украиналық футболшы Владимир Белоцерковец 25 жасында дүниеден өтті

Луганскілік «Заря» клубының жартылай қорғаушысы Владимир Белоцерковец 25 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы украиналық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Заря» футбол клубы ойыншының туыстары мен жақындарына шын көңілден қайғыра көңіл айтады. Біз оны кәсіби, мейірімді әрі жанашыр адам ретінде есімізде сақтаймыз. Владимир Белоцерковецтің отбасына сабыр мен күш тілейміз», – делінген клубтың хабарламасында.

Футболшының өліміне не себеп болғаны айтылмады.

Белоцерковец — Харьковтың «Металлист» клубының түлегі. «Заря» сапында 11 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген.

«Барселона» «Камп Ноуға» оралуға жақын

2025 жылғы «Алтын доп» иегері клуб ауыстырмауы мүмкін

Зорлық-зомбылық бойынша айыпталған футболшы испаниялық клубқа ауыспақ



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или