«Ахмат» бас бапкер қызметіне Станислав Черчесовті тағайындады

Грозныйдың «Ахмат» клубы бас бапкер қызметіне Станислав Черчесовті тағайындады, деп жазады Prosports.kz.
Тараптар үшжылдық келісімшартқа қол қойды.
Черчесов бапкерлік мансабында бұған дейін де грозныйлық клубты басқарған. 2012/2013 жылғы маусымда оның жетекшілігімен «Терек» (қазіргі «Ахмат») Ресей Премьер-Лигасында 8-орын алып, ол кезде клуб тарихындағы ең үздік нәтиже көрсеткен.
Еске салайық, 5 тамызда грозныйлық клуб Александр Сторожуктың бас бапкер қызметінен кеткенін жариялаған болатын. Биылғы маусымда «Ахмат» Ресей кубогы мен РПЛ аясында төрт ойында қатарынан жеңіліске ұшырады.
61 жастағы Станислав Черчесовтің соңғы жұмыс орны Қазақстан құрамасы болды. Ресейлік маман бұл қызметтен 2025 жылғы қаңтарда кеткен. Бұған дейін Черчесов «Ференцварош», «Легия», «Спартак», Мәскеудің «Динамо» клубы, «Амкар» және қазіргі «Ахмат» (бұрынғы «Терек») командаларында жұмыс істеген.
Қазақстандық футболшының клубы бас бапкерсіз қалды
2025 жылғы «Алтын доп» иегері клуб ауыстырмауы мүмкін
Зорлық-зомбылық бойынша айыпталған футболшы испаниялық клубқа ауыспақ