ITF турнирі: қазақстандық теннисші жұптық сында жеңіске жетті

ITF турнирі: қазақстандық теннисші жұптық сында жеңіске жетті

София (Болгария) қаласында ITF Juniors J30 сериясындағы жасөспірімдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл турнирде 16 жастағы қазақстандық теннисші Иван Пономарев жұптық сында чемпион атанды.

Иван швейцариялық Чарли Базилмен жұптасып, финалда украиналық-болгариялық дуэт — Родион Четвериков пен Самуил Пешевті тартысты матчта 4:6, 6:3, 10:7 есебімен жеңді.

Бұл Иван үшін ITF жасөспірімдер турнирлеріндегі алғашқы титул болды. Бұған дейін ол Марокко мен Қытайда өткен ITF Juniors турнирлерінде жұптық сында финалға дейін жеткен болатын.

Цинциннати турнирінде Рыбакина мен Путинцева өзара кездесуі мүмкін

Александр Шевченко Цинциннати мастерс турнирінің іріктеу сайысының финалына шықты

Кирилл Герасименко Жапонияда өтетін турнирге қатысады

Қазақстандық теннисші Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или