АҚШ-тағы турнир:Рыбакина мен Путинцева өзара кездесуі мүмкін

7-18 тамыз аралығында өтетін Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Тоғызыншы ракетка болып тіркелген Елена Рыбакина ірі жарысты екінші айналымнан бастайды.
Елена Рыбакина тағы бір қазақстандық, әлемнің 46-ракеткасы Юлия Путинцева немесе рейтингіде 68-сатыдағы мексикалық Рената Cараcуаның қай жеңгенімен ойнайды.
Өткен жылы осы додада Е.Рыбакина екінші айналымда канадалық Лейла Фернандестен ұтылып қалған болатын. Ал Ю.Путинцева үшінші айналымда испаниялық Паула Бадосаға жол берді.
Финалда америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 7:5 есебімен ұтқан беларусьтік Арина Соболенко жеңімпаз атанған еді.
Биыл Ю.Путинцева Ноттингем (Ұлыбритания) додасынан бастап қатарынан бес матчта қарсыластарына есе жіберді. Сәтсіздік сериясы жалғаса ма, оны алдағы ойын көрсетеді.
Рыбакина 7 тамызға қараған түні Монреаль (Канада) WTA 1000 жарысының финалына шығу үшін 18 жастағы канадалық Виктория Мбокомен таласады.
Ерлер арасында Цинциннати мастерс турниріне биыл Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик қатысудан бас тартты. Іріктеу сайысында Қазақстаннан Александр Шевченко мен Михаил Кукушкин бақ сынап жатыр.
Александр Шевченко Цинциннати мастерс турнирінің іріктеу сайысының финалына шықты
Кирилл Герасименко Жапонияда өтетін турнирге қатысады
Қазақстандық теннисші Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші отандасын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды