Бивол Канелоға қарсы шығатын Кроуфордқа кеңес берді

Ресейлік Дмитрий Бивол америкалық Теренс Кроуфорд пен мексикалық Сауль Альварес арасындағы 14 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.
«Кроуфордты бір ай бұрын Дубайда көргенде, оның ірі екенін түсіндім. Оның шеберлігі өте жоғары, ол — менің сүйікті боксшыларымның бірі. Ол бұл жекпе-жекте жеңіске жете алады.
Мәселе тек соққыға төтеп беруде емес. Ең бастысы — психологиялық тұрғыда дайын болу. Егер адам дайын болмаса, қорқады, ал бұл денені әлсіретеді. Егер күтпеген нәрсе болса, ал сіз дайын болмасаңыз... Біз бәріміз бұл сезімді білеміз — денең балқып, әлсіреп кететіндей болады. Психология — өте маңызды», — деді Бивол The Ring басылымына берген сұхбатында.
WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады
Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды
Қазақстандық боксшылардың WBA рейтингіндегі орны белгілі болды