Әліби Ыдырыс: Мақсатым – TUF жеңіп, UFC топ-5 қатарына ену

Әліби Ыдырыс: Мақсатым – TUF жеңіп, UFC топ-5 қатарына ену

UFC ұйымдастыратын The Ultimate Fighter жобасының 33-маусым финалисі, қазақстандық файтер Әліби Ыдырыс алдағы жекпе-жегі мен дайындығы туралы Azamat Sport YouTube арнасына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Финалда ол америкалық Джозеф Моралеспен кездеседі. Әлібидің айтуынша, қарсыласының мықты екенін жақсы біледі.

– Қарсыласым – Джозеф Моралес. Өте тәжірибелі спортшы. Бұған дейін UFC-де өнер көрсеткен. Жалғыз ғана мерзімінен бұрын жеңілісі – бұрынғы чемпион Дейвисон Фигередодан. Жақсы грэпплер, Юрайя Фейбердің Alpha Male залында жаттығады. Сондай-ақ, Чейл Сонненнің командасында болған, – дейді ол.

Әліби бұл айқасқа барынша тыңғылықты дайындалғанын атап өтті.

– Мен АҚШ-қа жекпе-жекке 40 күн қалғанда келдім. Жанымда Дастан Амангелді де бар – дайындыққа көмектесіп жатыр. Қарсыласымды ешқандай менсінбеушілік жоқ. Оның деңгейін жақсы түсінеміз. Бірақ өзім де жай ғана TUF жеңіп қоймай, UFC-де топ-10, тіпті топ-5 қатарына енуді қалаймын. Біз барынша, әсіресе психологиялық тұрғыдан жақсы дайындалдық, – деді ол.

TUF 33 финалы 17 тамыз күні Чикагода өтетін UFC 319 турнирі аясында өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегі – Хамзат Чимаев пен Дрикус Дю Плесси арасындағы айқас болмақ.

Қазақстандық сенсация авторы келесі қарсыласының атын білді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или