Рыбакина Монреаль турнирінің финалына бір қадам жақын

Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы National Bank Open турнирі мәресіне таяп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) жергілікті спортшы Виктория Мбокомен (WTA рейтингінде 85-орын) кортқа шығады.
Кездесу 7 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 03:00-де басталады. Ойынның тікелей трансляциясы арнайы сілтеме арқылы қолжетімді болады.
Айта кетейік, National Bank Open турнирі 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтуде. Жүлде қоры – 5 152 599 АҚШ доллары.
Александр Шевченко Цинциннати мастерс турнирінің іріктеу сайысының финалына шықты
Кирилл Герасименко Жапонияда өтетін турнирге қатысады
Қазақстандық теннисші Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші отандасын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды