Александр Шевченко Цинциннати мастерс турнирінің іріктеу сайысының финалына шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 101-ракеткасы Александр Шевченко Цинциннати (АҚШ) ATP 1000 турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Іріктеу сынының 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуінде рейтингіде 301-орындағы америкалық Тайлер Зинктің мысын басты.
Бірінші партияда тай-брейкте Шевченко сәтті ойнады — 7:6 (7:2).
Екінші сетте Александр Шевченко қос бірдей матчболын пайдалана алмады — 6:7 (8:10). Дегенмен үшінші, шешуші партияда жеңісті жұлып алды — 6:3.
Екі сағат 38 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 15 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Зинк 8 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Александр Шевченко іріктеу сайысының финалында әлемнің 134-ракеткасы, колумбиялық Даниэль-Элаи Галанмен шеберлік байқасады. Оны жеңсе, негізгі додаға жолдама алады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 195-ракеткасы Михаил Кукушкин іріктеудің жартылай финалында рейтингіде 114-сатыдағы америкалық Эмилио Навамен ойнайды.
Кирилл Герасименко Жапонияда өтетін турнирге қатысады
Қазақстандық теннисші Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты
Қазақстандық теннисші отандасын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды