«Ахмат» клубының жаңа бапкері белгілі болды

«Ахмат» клубының жаңа бапкері белгілі болды

Станислав Черчесов Ресей Премьер-Лигасына қайта оралып, Грозныйдың «Ахмат» клубының бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz «Спорт-Экспресс» порталына сілтеме жасап.

Чечен астанасының командасы жазғы трансфер кезінде белсенді әрекет етуде. Құрамға Мансилья, Конате, Касинтура, Гаджиев, Келиано және Н’Донг сынды жаңа ойыншылар қосылды. «Спорт-Экспресс» мәліметінше, бұл толық тізім емес – клуб әлі де күшейтілуде. Черчесовтің шақырылуы клубтың тек РПЛ-да қалу емес, одан да жоғары мақсаттарға ұмтылып отырғанын көрсетеді.

Telegram-дағы «Инсайды от Карпа» арнасының хабарлауынша, бапкермен үш жылдық келісімшарт жасалып, жылдық жалақысы 1 300 000 еуроны құрайды.

«Бұл – өте ауқымды жоба. Қыста да ұсыныс болған, бірақ ол кезде Саламыч келіспеген еді. Бұл жолы ол шешім қабылдады, себебі топ-клубтардан ұзақ күтуден шаршады әрі "Ахматтың" амбициясы оны таңғалдырды. Клуб енді төменгі орындармен шектелгісі келмейді, керісінше көшбасшылармен бәсекеге түсуді көздеп отыр», – деп жазады дереккөз.

Сондай-ақ, команда құрамын Черчесовтің талаптарына сай жаңарту көзделген. «Ахмат» ЦСКА-мен Садулаев бойынша келіссөзде өз ұстанымынан таймай, негізгі ойыншысын сақтап қалды. 6 тамызда Станислав Черчесов ресми түрде таныстырылып, сенбі күні «Зенитке» қарсы өтетін матчта командасын алаңға алып шығады деп күтілуде.

Родри «Манчестер Ситиде» қалатын болды

Лука Модричті миландық жанкүйерлер жылы қарсы алды

Бруно Фернандеш Роналдудың командаласы болуы мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или