Рафаэль Уразбахтин: «Жігіттер ертең өздерін көрсетуге асық»

«Қайрат» бас бапкері «Слованмен» болатын алдағы матч туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— «Олимпияға», «КуПС»-қа және Қазақстан чемпионаты аясындағы кез келген матчқа пысықталғандай әдеттегідей дайындалып жатырмыз. Дегенмен Чемпиондар лигасы — бұл мүлде басқа жауапкершілік. Барынша жинақы болып, назарды тек ойынға бұру қажет. Бір топ ойыншыны толық қалпына келтірдік, екінші топтың бабын сақтап қалдық. Соңғы екі жаттығуды толық құрамда өткіздік. Жігіттер қалпына келді, өздерін жақсы сезінеді. Ертеңгі ойында өздерін көрсетуге асық.
Қарсылас туралы айтсақ, «Слован» — тәжірибелі, тәртіпті әрі теңгерімді команда. Бапкері Владимир Вайссты бәріміз жақсы білеміз. Оның тәжірибесі мол. Команда былтыр УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетті. Құрамы өткен жылмен салыстырғанда көп өзгермеген. Жекелей шеберлігі жоғары ойыншылар бар. Олар кей сәттерді өз күшімен шешіп кете алады. Бұл кезеңде де, жалпы турнирде де осал қарсылас болмайтыны анық. Ертеңгі матчты асыға күтіп отырмыз.
Владимир Вайсс: Жеребеден кейін қуандым деп айта алмаймын
«Қайраттың» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыласы белгілі болды
Чемпиондар лигасы. УЕФА «Қайрат» пен Дастан Сәтпаевты ерекше атап өтті