Владимир Вайсс: Жеребеден кейін қуандым деп айта алмаймын

Владимир Вайсс: Жеребеден кейін қуандым деп айта алмаймын

«Слованның» бас бапкері әрі «Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Вайсс Чемпиондар лигасында алматылық командаға қарсы ойын туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты BorodAbata.kz-ке сілтеме жасап.

"Жеребе тарту рәсімінен кейін үнсіз қалдым. Бір жағынан таныс адамдарды көретініме қуансам, екінші жағынан қиын болса да үш жылды өткізген командаға қарсы ойнайтыныма қуанбадым. Менде көптеген суреттер, естеліктер бар... Чемпионатта топ жару бұйырмаса да, бірақ Қазақстан кубогын екі мәрте жеңіп алдық.

Қайрат Советайұлының қандай еңбек еткенін Сәтбаев ойынынан көруге болады. Бұл философия 2013 жылы пайда болды. Ол кезде ештеңе болған жоқ, бірақ клуб біртіндеп нығайа түсті. Барша жанкүйерлерді, клубтың өзін және Қайрат Боранбаевты құттықтаймыз. Ертең бізді тамаша стадион күтіп тұр – бұл кез келген жаттықтырушының, футболшының және менеджердің арманы. «Қайраттың» өз арманы бар. Өткен жылғы жетістігімізді қайтасақ деген біздің де арманыз бар», - деді Владимир Вайсс.

«Қайрат» - «Слован» матчы 6 тамызда Алматының Орталық стадионында өтеді. Жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңіне өтеді, ал жеңілгені Еуроа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алады.


«Қайраттың» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыласы белгілі болды

«Слован» «Қайратқа» қарсы матч алдында сенімді жеңіске жетті

Чемпиондар лигасы. УЕФА «Қайрат» пен Дастан Сәтпаевты ерекше атап өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или