Қазақстандық футзалшы «Семей» клубына ауысты

«Семей» футзал клубының баспасөз қызметі жаңа трансфер туралы хабар таратты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб семейлік команданың қатарына қосылды.
Өткен маусым Кнауб үшін тарихи сәтке айналды. Алматының «Қайрат» клубының құрамында ол алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды, Чемпиондар Лигасының финалына дейін жетті және 2024 жылғы әлем чемпионатында құраманың негізгі ойыншыларының бірі болды. Кнауб бес гол соғып, команданың үздік сұрмергені атанды.
«Қайратқа» дейін Кнауб «Тұлпар», «Жетісу», «Ақтөбе», Ресейдің «Динамо-Самара» және «Каспий» клубтарында өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или