Қазақстандық бұрымды боксшы Алматыда жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық бұрымды боксшы Балауса Мұздиман (8-0, 6 КО) 5 қыркүйекте Алматыда шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы бокс кешін ұйымдастырушы промоутерлік ұйым мәлімдеді. Ақпарат көзіне сенсек, қазақстандық боксшының қарсыласы әзірге белгісіз.
Алдыңғы жекпе-жегінде Балауса Мұздиман сенімді жеңіске жетіп, мысырлық Айя Рамаданды (4-1, 0 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Осы жеңістен кейін Балауса әлем чемпиондығы атағына таласу жоспарын жариялаған еді.
Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды
Азия чемпионаты: Төрт қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты
Екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалға шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или