Қытайда өткен халықаралық турнирде Қазақстан көкпаршылары жүлдеге іліне алмады

Қытайдың Шыңжаң өңірінде өткен көкпардан халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Жібек жолы достық кубогы» турниріне Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан құрамалары және Қытайдың бес командасы қатысты.
Бәсеке Іле-Қазақ автономиялық облысына қарасты Моңғолкүре ауданында өтті.
Турнир жеңімпазы — Қытайдың Текес ауданына қарасты команда. Бұлар Албан руынан шыққан қазақтар тұратын өңір. Күміс жүлде Қытайдың ұйғырлар көп шоғырланған Хотан қаласының командасына бұйырды. Үшінші орынды Қырғызстан құрамасы иеленді.
Қазақстан намысын ұлттық құрамадан тыс, жастар командасы қорғады. Олар алғашқы ойында Өзбекстанды 7:1 есебімен жеңсе, екінші матчта Текеске жол берді. Үшінші ойында Моңғолкүреге қарсы алаңға шығып, алғашқы таймнан кейін ойынды тоқтатты.
Қазақстан көкпар федерациясы жарыстан бас тарту себебін аттар жарысқа сай болмады, жарақат қаупі жоғары деп түсіндірді.
Дархан Қызайбаев Asian Boxing ұйымының басшылық құрамына кірді
Польшадағы турнирде қазақстандық балуандар тағы екі медаль жеңіп алды
Қазақстандық пара спортшылар шахматтан өткен әлем чемпионатынан олжалы оралды