Қазақстандық теннисші Чикаго челленджер турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Чикаго челленджер турнирінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық, әлемнің 203-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Чикаго (АҚШ) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 5-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингіде 321-орындағы америкалық Патрик Малоунимен өткізді.

Бірінші партияда жергілікті спортшы 6:4 есебімен басым түсті.

Дегенмен бұдан кейін Бейбіт ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай білді – 6:3, 6:4.

Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсекеде Жұқаев 18 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Малоуни 6 эйс, 1 брейктен (10 брейк-пойнт) аса алмады.

Айта кетейік, Бейбіт Жұқаевтың келесі қарсыласы кейін анықталады.

Кирилл Герасименко Жапонияда өтетін турнирге қатысады

Қазақстандық теннисші Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші отандасын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или