Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Германиялық құрдастарына есе жіберді

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Германиялық құрдастарына есе жіберді

Чехияның Простеев қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында теннистен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы В тобында алғашқы кездесуін 2014 жылғы әлем чемпионы Германиямен өткізді.

Алдымен Хақназар Жеткербай Tennis Europe рейтингісінде 14-орында тұрған Даниель Шарнецкиге есе жіберді – 3:6, 2:6.

Екінші бәсекеде Ахмади Мақанов сенсация жасай білді. Ол Tennis Europe рейтингісінде 8-сатыдағы Луис Калинді 6:1, 2:6, 7:5 есебімен ұтып кетті.

Матч тағдыры жұптық сында шешілді. Онда Ахмади мен Хақназар барын салғанымен, Даниель – Луистан жеңіліс тапты – 3:6, 4:6.

Бүгін Сағадат Аяптың шәкірттері Жапония құрамасымен кортқа шығады.

Кирилл Герасименко Жапонияда өтетін турнирге қатысады

Қазақстандық теннисші Монреаль турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші отандасын жеңіп, келесі айналымға жолдама алды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или