Азия чемпионаты: бүгінгі күннің күндізгі сессиясында бес боксшымыз шаршы алаңға шықты

Азия чемпионаты: бүгінгі күннің күндізгі сессиясында бес боксшымыз шаршы алаңға шықты

Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионатында (U19) бес қазақстандық боксшы қыздар ширек финалдық кездесулерін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

Айым Танкибаева (51 кг) — Моңғолия өкіліне қарсы жекпе-жекте екінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп, бірінші раундта-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде қазылар бірауыздан жеңісті Айымға берді.

Жанель Имантаева (54 кг) — Оңтүстік Корея спортшысымен болған тартысты жекпе-жекте жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.

Аяжан Ермек (57 кг) — таиландтық қарсыласын бірінші раундта-ақ нокдаунға жіберді. Үш раунд бойы басым болған Аяжан да жартылай финалға шықты.

Алина Кудайгенова (57 кг) — Корея өкілі Чихе Хонмен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ал Диана Серікбаева (48 кг) жапониялық боксшыға ұпай санымен жол беріп, турнирден шығып қалды.

Екі қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы 2025 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или