WBO Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады

WBO Әлімханұлына қатысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Instagram желісінде орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына (17-0, 12 КО) арналған жазба жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Патша Жәнібек. Қазақстаннан шыққан ерекше талант», - деп жазды WBO басылымы.

Айта кетейік, «Kazakh Style» WBO белбеуінен бөлек, орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын да иеленіп отыр.

Жәнібек Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін сәуір айында Астанада өткізіп, франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Әлімханұлы рингке күзде шығады деп күтіліп отыр. Оның қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или