Бруно Фернандеш Роналдудың командаласы болуы мүмкін

«Манчестер Юнайтедтің» капитаны Бруно Фернандеш Роналдудың командаласы болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Манкуниандық капитанның қызметіне «Аль-Насрдың» жаңа бас бапкері Жоржи Жезуш қызығушылық танытып отыр. Оның басшылығымен 30 жастағы футболшы 2017 жылы «Спортинг» сапындағы дебютін өткізді.
Бұған дейін Бруноға Сауд Арабиясының тағы бір клубы «Аль-Хилаль» да қызығушылық танытып жатқаны хабарланған болатын.
Оның трансфері үшін 230 миллион еуро ұсынылды, бірақ Фернандеш «Манчестер» бас бапкері Рубен Аморимнің жеке өтініші бойынша бас тартты.
Неймар Бразилия құрамасына шақырылуы мүмкін
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или