«Ливерпуль» сапына жас шабуылшы қосылды

«Ливерпуль» Англияның төртінші дивизионында ойнаған жас талантпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қызылдардың» жаңа ойыншысы — 17 жастағы Уилл Райт, ол бұған дейін «Солфорд Сити» клубында өнер көрсеткен. Шабуылшының трансфері туралы «Ливерпульдің» баспасөз қызметі ресми түрде жариялады.
Британдық басылымдардың мәліметінше, мерсисайдтық клуб Райт үшін 200 мың фунт стерлинг төлеген. Алғашқы кезеңде футболшы «Ливерпульдің» жастар командасында ойнайды, кейін негізгі құрамға біртіндеп қосылуы мүмкін.
Өткен маусымда Райт «Солфорд Сити» құрамында негізгі командада өнер көрсете бастады. Бұған дейін ол клубтың әртүрлі жас санаттарында ойнап, бір маусымда 50-ден астам гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или