Темірлан Мұқатаев 2025 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Темірлан Мұқатаев 2025 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Темірлан Мұқатаев Бангкокте (Таиланд) World Boxing ұйымы аясында өтіп жатқан 2025 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

U22 турнирінің 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық жекпе-жекте ол қытайлық Куо Чаомен қолғап түйістірді.

Кездесу үшінші раунда мерзімінен бұрын аяқталды: қытайлық боксшының бұрышы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты, осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл сенімді жеңістің арқасында Мұқатаев жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде турнирдің қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Еске салайық, бұған дейін Темірлан Мұқатаев 2025 жылы жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионы атанған болатын. Сәуір айында Астанада өткен финалда ол өзбекстандық Самандар Жалоловты техникалық нокаутпен жеңіп, өз дивизионында әлеуеті зор боксшылардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеген еді.

Азия чемпионаты: Екі қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Артур Бетербиевтің келесі қарсыласы анықталды

Бокстан Азия чемпионаты. World Boxing. Тікелей эфир, төртінші күн



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или