Еурокубокта қазақстандық клубтардың ойынына үшінші кезеңде кімдер төрелік етеді

Еурокубокта қазақстандық клубтардың ойынына үшінші кезеңде кімдер төрелік етеді

Қазақстандық «Қайрат» және «Астана» командаларының UEFA Чемпиондар лигасы және Конференция лигасы плей-офф кезеңіндегі ойындарына кімдердің төрешілік жасайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі Словакияның «Слован» командасымен кездесуінде Нидерланд елінің өкілі Сердара Гэзюбююк бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Оған отандастары Эрвин Зейнстра мен Патрик Иниа көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі – Янник ван дер Лаан.

Бұл ойын 6 тамыз күні Алматы қаласында өтеді. 

Айта кетсек, алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) жеңді. 

Ал Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңіндегі «Лозанна» (Швейцария) мен «Астана» кездесуіне польшалық Лукаш Кузьма бас төреші болып бекітілді. Көмекшілері – сол елдің өкілдері Якуб Винклер мен Петр Подбельски. Төртінші төреші міндетін тағы бір польшалық маман Дамиан Кос атқарады. 

Алғашқы кездесу 7 тамызда қазақстандық уақытпен 23:15-те Швейцарияда болады. 

Еске салсақ, елордалық клуб екінші іріктеу кезеңінде Молдованың «Зимбру» командасын (1:1, 2:0) қапы қалдырған болатын. 

Бұған дейін алматылық «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды. Сондай-ақ алматылық команданың Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түскен жағдайда қай командамен ойнайтынын жаздық. Ал, «Астана» командасы футболдан UEFA Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықса түркиялық «Бешикташпен» ойнауы мүмкін. 

«Ақтөбе» клубы бапкер ауыстыру нұсқасын қарастырмайтынын мәлімдеді

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» ықтимал қарсыласы белгілі болды

«Қайрат» – «Слован» матчына төрешілер тағайындалды

«Қайраттың» Еуропа лигасындағы мүмкін қарсыласы анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или